Чемпиондар мен тәртіп сақшылары елордалық оқушыларға нашақорлықтың қауіптілігін түсіндірді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан кешенді шараларға бірлескен рейдтер, оқу орындарында профилактикалық кездесулер өткізу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жабу жұмысы кіреді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар астаналық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіліп жатыр. Осы айлық аясында Астананың №32 мектебінде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті.
Есірткінің адам ағзасына зиянды әсері және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы Алматы ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі М.К. Балтабек, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы әрі бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күштік спорт түрлерінен әлем чемпионы, Қазақстан рекордшысы Арман Сүлеймен, полиция подполковнигі, пауэрлифтингтен спорт шебері, әлем чемпионатының жүлдегері, Гиннестің рекордтар кітабының алты дүркін рекордшысы Бауыржан Камалиев оқушыларға түсіндірме жүргізді.