Құқық

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Байқоңыр ауданының прокуратурасы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Оқжетпес» және «Марал» бекеттерінде профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында жүргізушілерге Жол қозғалысы қағидаларының талаптары, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде көлік құралын басқарудың және көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқарғаны үшін көзделген құқықтық салдарлар түсіндірілді.

Прокуратура азаматтарды заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жолдарда жауапкершілік танытуға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне ұқыпты қарауға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button