«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ел мерейі – Елорда

0 597

Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған елордамыз – Астана биыл 20 жылдық белесіне шығады. Табалдырықтан жаңа аттаған 2018 жыл осы мерейлі мерекенің аясында өткелі отыр. Ерке Есілдің жағасында бой түзеген жас елордамыз – Қазақстанның жасампаз тарихы. Бұл – Елбасымыздың жеңісі, барша қазақстандықтардың игілігі. Ақордалы Астанамыз – барша қазақтың бас қаласы. Елорда тойы – ел тойы болғандықтан, бүгіннен бастап біз де Астанамыздың 20 жылдық шежіресіндегі мерейлі сәттерді сипаттауды бастамақпыз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды