Қала мен сала

Тазарту жұмыстары жүргізілді

Ақбұлақ өзенін кешенді биологиялық тазарту жобасы аясында су айдынының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл жоба Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, «Арғын Строй 2015» ЖШС және «Astana Bioscience Business Centre» ЖШС бірлесіп жүзеге асырылды.

Аталған жоба аясындағы маңызды кезеңдердің бірі өткізілді. Сондай-ақ Bacillus тектес бактериялар негізіндегі сұйық биопрепарат пен құрамында тиімді микроорганизмдер кешені бар ЭМ-түйіршіктер су айдынына енгізілу көзделген. Бұл микроорганизмдер органикалық ластаушы заттар мен түптік шөгінділердің ыдырауын жеделдетуге, жағымсыз иістерді азайтуға және су қоймасының табиғи өздігінен тазару үдерістерін қалпына келтіруге ықпал етеді.

Кешенді іс-шаралар қатарына жағалау аумағын санитарлық тазарту, суда еріген оттегінің мөлшерін арттыру мақсатында аэрация жүргізу, хлорелла негізіндегі биопрепарат енгізу және өзенді балықтандыру жұмыстары да кіреді. Балықтандыру экожүйені қалпына келтірудің маңызды кезеңі болып табылады. Себебі ол тұрақты биологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына және су айдынының биоалуантүрлілігін арттыруға ықпал етеді.

Жобаның негізгі мақсаты – су сапасын жақсарту, органикалық ластану мен лайлануды азайту, жағымсыз иістерді төмендету және Ақбұлақ өзенінің экологиялық жағдайын қалпына келтіру.

Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде су қоймасының табиғи өздігінен тазару үдерістері күшейіп, судың гидрохимиялық көрсеткіштері жақсарады. Биоалуантүрлілік артады және су экожүйесінің дамуына қолайлы жағдайлар қалыптаспақ.

Осы экологиялық акцияның мән-мағынасы туралы, табиғат жанашыры Қайырбай Есенов өз ойын ортаға салды.

– Табиғи өзен көлдерді қорғау өте маңызды. Әсіресе экологиялық тұрғыдан таза әрі шұрайлы жасыл желек, мөлдір су қажет. Өзен-көлдерде тіршілік ететін балықтар мен жәндіктерді сақтау басты назарда. Ақбұлақ сияқты өзендерді тазарту, қала келбетіне Ажар беріп, көріктендіріп тұрады. Сондықтан сенбілік жасап, тазарту жұмыстарын ұдайы жасап тұрған абзал, – дейді ол.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button