Қоғам

«Томиристің» командирі – Айнагүл

Құқық қорғау саласында қызмет ететін қыз-келіншектер аз емес. Әсіресе нардың жүгін арқалаған нәзік жандарды полиция қатарынан жиі көреміз. Дәл сондай аруымыздың бірі – Астана қаласы ПД ЖҚАЖ АМБ взводының командирі, полиция майоры Айнагүл Байжігітова.

Айнагүлдің ішкі істер органдарында қызмет етіп келе жатқанына 15 жылдан асты. Жауапкершілігі мол, отбасында адал жар, мейірімді ана. Жұмыстан қанша шаршап келсе де, кешкісін ас әзірлеп, отбасымен өткізген әр сағатты ерекше бағалайды. Иә, полициядағы қызмет тек ер адамға ғана жарасады десек те, статистика мәліметі бүгінде мүлдем басқаша.

Аруымыз – қоян-қолтық ұрыс­тан спорт шебері, баскетболдан І дәрежелі разряд иесі. Жуырда Дубай қаласында өткен жарыста ел намысын қорғаған Айнагүл Байжігітова – «Томирис» қыздар командасының командирі. Ол – Мемлекет басшысының қолынан марапат алған жан.

«Отбасыммен бірге атқа мініп, таза ауада серуендегенді, бассейнге, шаңғы тебуге барғанды ұнатамын. Ерге тән бұл мамандықты таңдауға кез келген арудың батылы жетіп, жүрегі дауалай бермейтіні рас. Дегенмен таңдаған мамандығыңа табандылық пен адалдық танытсаң, міндетті түрде жемісін көруге болады. Қыз бала қаншалықты жүрегі нұрлы, жаны сәулелі, санасы пайдалы білімге толы болса, оның қоғамға да, адамзатқа да келтірер пайдасы соғұрлым мол. Сондықтан үйде нәзік әйел болсам да, жұмыста жауапкершілік алатын қызметкермін» дейді полиция майоры Айнагүл Байжігітова.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button