Құқық

Пробация қызметі психологиялық көмек көрсетті

Пробация қызметі есепте тұрған азаматшаға психологиялық көмек көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы бойынша ҚАЖД Сарыарқа ауданының Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік қолдау мақсатында, 2026 жылғы 08 сәуірде Сарыарқа ауданы Пробация қызметінің инспектор-психологы, әділет капитаны Ошақбаева А.Н. есепте тұрған сотталған азаматшаны «Restart» қоғамдық қорына жолдауды ұйымдастырды.

Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл аясында сотталған азаматша қор психологы Зарина Кенжекараның жеке қабылдауында болып, оған эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, құқыққа сай мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамға сәтті бейімделуге бағытталған білікті психологиялық көмек көрсетілді.

Аталған жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп, қайталама қылмыстың алдын алуға, сондай-ақ пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button