Ел тынысы

Мұнай өндіру азайғанына қарамастан 3%-дық өсім бар

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті. Ресми түрде – бұл орташа нәтиже. Бірақ егер оны факторларға бөліп, құрылымына қарасаңыз, әңгіме сәл өсу туралы емес, мұнай тасымалы сынды негізгі экспорттық сектордың ауыр қысымына қарамастан өсімнің бой көрсетіп отырғаны туралы екенін түсінесіз, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мұндағы басты тежеуші фактор – шикі мұнай өндірудің 19,8%-ға төмендеп кеткені, ол тау-кен өнеркәсібіне тікелей әсер етті де, сала индексі 88,6%-ды құрады. Нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің жалпы индексі жүз пайыздан төмен бол қалды — 99,3%.

Экономиканың бұрынғы моделінде мұндай құлдырау бүкіл жүйенің автоматты түрде тұралап қалуын білдірер еді. Алайда бұл жолы бұлай болған жоқ. Экономика өсім құрылымын өзгерту арқылы өсуді жалғастырды. Мысалы, тауарлар өндірісі небәрі 0,7%-ға, ал қызмет көрсету секторы 4,5%-ға өсті. Бұл жетекші салалардың шикізат блогынан шикізат емес блокқа ауысқанын білдіреді. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өсімі ерекше болды — 108,5%. Бұл ретте ол бір саламен ғана шектелмейді, сегменттердің бүкіл жиынтығынан тұрады. Атап айтқанда — азық-түлік +12,6%, сусындар +10%, металл емес өнімдер +37,1%, машина жасау +21,9%-ға өсті. Бұған қоса, құрылыс — 114,8%, көлік — 112,8% және сауда — 104,8% көрсеткішпен өсімге үлес қосты.

Шын мәнінде, бүгінде Қазақстан экономикасы өзінің дәстүрлі сипатына қарсы соққыларға төтеп бере отырып, ішкі көздер есебінен өсімді жалғастыруда. Әрине, бұл мұнайға тәуелділік жойылды дегенді білдірмейді. Бірақ оның кезіндегі теңдесі жоқ қалпынан айырылғаны анық болып отыр. Сондықтан да қазіргі 3%-дық өсім, оның қарқынын ғана емес, сапасын да білдіреді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button