Қала мен сала

LRT: төлем қалай жүргізіледі?

Биыл елордада Астана LRT жеңіл рельсті көлігі іске қосылады. LRT жолаушылары жол ақысын қалай төлейтіні туралы Сity Transportation Systems (CTS) көлік компаниясы хабарлады.

Компанияның хабарлауынша, LRT үшін турникеттермен жабық төлем жүйесі қарастырылған, платформаға төлем жасау арқылы ғана өтуге болады.  Қысқаша айтқанда, метродағыдай төлем жасалады. LRT-де контролер  болмайды, себебі жолаушы турникет арқылы өту ақысын төлемей пойызға кіре алмайды. Кезекті азайту үшін станцияларда жылдам төлем әдістерін қолдайтын заманауи төлем терминалдары мен турникеттер орнатылуда.

Жол жүру құны 200 теңгені құрайды. Сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және азаматтардың басқа да санаттары үшін жеңілдіктер болады. CTS кассирлерді іздеу туралы үнемі хабарландырулар жариялайды. LRT кассирлері жолаушыларға қызмет көрсетеді, яғни олар көлік карталарын сату және толтыру, кеңес берумен айналысаыд. Әр станцияда бір кассалық аймақ болады. Онда жолаушылар турникет арқылы өтетін жол жүру карталарын толтыра алады. Астана LRT желісін сынақтан өткізу басталғаннан бері 7 ай өтті. Бұған дейін елорда әкімдігі жобаны іске асыру қатаң кесте бойынша жүріп жатқанын және жолаушылар тасымалын іске қосу көктемге жоспарланғанын хабарлады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button