Білім

Мектептерде «Ғылымға апарар жол» ауқымды іс-шаралар легі басталды

Еліміздің білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Ұлттық кітап күніне арналған «Ғылымға апарар жол» атты ауқымды іс-шаралар легі басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» онкүндігімен ұштасқан бұл бастама оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.

Кітап мерекесіне орай Ақтөбе қаласындағы №84 орта мектепте «Яссауидің рухани мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушылары «Абай дана, Абай дара» танымдық жобасын әзірледі. Мектеп оқушылары сонымен қатар ғалымдармен сұхбат құрды. «Ғылым – болашақтың кілті» атты ашық диалог алаңында балалар мектепке шақырылған ғылымдармен еркін пікір алмасып, ғылым мен білімнің заманауи мүмкіндіктерін талқылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button