Елорда тынысы
Елорданың автобус паркі 93 % жаңартылды
Елорданың автобус паркі 93 % жаңартылды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Мақсатты саясаттың арқасында елордадағы жолаушылар автобустарының орташа жасы 10,6 жастан рекордтық 5,6 жасқа дейін төмендеді.
Елорданың автобус паркінде 1 625 автобус бар. 2023 жылы және ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 586 автобус сатып алынды. Жаңа автобустарды сатып алу жаңа бағдарларды іске қосуға, қолданыстағы бағдардағы автобустар санын көбейтуге, күту аралығын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т. б. мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да жаңа автобустар сатып алынады. Жаңа автобустардың сатып алынуына қарай, ескі автобустар пайдаланудан шығарылады.
Елорданың қоғамдық көлігіне 8 автобус паркі қызмет көрсетеді, оның 1-уі комммуналдық, 7-уі жекеменшік.
Мысалы, «Астана қ. № 4 автобус паркі» жақында 2007 жылғы MAN маркасының соңғы 5 автобусын пайдаланудан шығарды. Қазір бұл парктегі автобустардың орташа жасы 9,1 жыл.
Жылжымалы құрамдар саны бойынша ең жас автопарк — «№ 1 автобус паркі», автобустардың орташа жасы 4 жас. «АБИ-Астана» автопаркінде көлік құралдарының орташа жасы 2,6 жасты құрайды. Қазіргі уақытта паркте 2014, 2023 және 2024 жылдары шығарылған 19 автобус жұмыс істейді.