Елорда тынысы

  • Жасанды интеллект дәуіріндегі PR

    Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі PR: білім мазмұнын жаңаша трансформациялау» тақырыбында диалог алаңы өтті. Онда PR саласындағы заманауи үрдістер, жасанды интеллектті білім беру мазмұнына енгізудің тиімді тетіктері, цифрлық коммуникация саясаты, стратегиялық коммуникацияны мемлекет деңгейінде реттеу және кадр даярлаудағы жаңа әдістер талқыланды. Іс-шараға шетелдік сарапшылар да қатысты.…

    Жалғасын оқу
  • Демалыс күндері «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді

    Елордада 6-7 желтоқсан күндері Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жәрмеңке Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрақ аумағында ұйымдастырылады. Осы күндері аталған сауда орталығында қала тұрғындарына жақсы таныс ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің…

    Жалғасын оқу
  • Тұрғындарды не толғандырады?

    Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов Железнодорожный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. «Ашық микрофон» форматында өткен жүздесуде әрбір тұрғын өзін толғандырған келелі мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды. Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин, сондай-ақ жауапты басқармалардың, құқық қорғау органдарының, коммуналдық және сервистік қызметтердің өкілдері қатысты. 2025 жылы тұрғын алапта қалалық ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды. Жолдағы шұңқырлар жөнделді, 11…

    Жалғасын оқу
  • Тұрғындар тілегі ескеріледі

    Әр адам елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деген қағидамен өмір сүруі керек. Осыдан 18 жыл бұрын ұлым екеуміз Астанаға көшіп келгенде өзім банк саласының қызметкері болғандықтан, алдымен банкке жұмысқа орналастым. Кейін құрылыс компаниясының менеджері болдым. Қазіргі Amanat ол кезде «Нұр Отан» партиясы деп аталатын. Сол партиямен жақынырақ танысып, тәжірибесі мол адамдардан үйрену мүмкіндігіне ие болдым.…

    Жалғасын оқу
  • Елорданың аэрохабы қалай дамиды?

    Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында авиациялық хабтар мен автожол саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда Көлік, Қаржы, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министр­ліктерінің басшылары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысты. Премьер-министрге 2040 жылға қарай жаһандық әуе нарығын екі есеге арттыру жөніндегі әлемдік болжамдарды ескере отырып, алдағы 3 жылға арналған Азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды. Халықаралық Азаматтық авиация…

    Жалғасын оқу
  • «Esirtkisiz Elorda»: студенттер баскетболдан жарысты

    Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттер арасында 3х3 форматында баскетболдан финалдық турнир өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Турнир Назарбаев Университетінің алаңында өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Астана полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен ұйымдастырды. «Антинаркотикалық жоба аясындағы мұндай спорттық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.…

    Жалғасын оқу
  • «Соғым-FEST»

    Астанада 22-23 қарашада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады Іс-шара «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында (Алаш тасжолы, 35Б) ұйымдастырылады. Сондай-ақ, сол күндері сауда орталығының аумағында қала тұрғындары арасында танымал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары мынадай тауарлар сатып…

    Жалғасын оқу
  • Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды

    Астанада философ, ғалым, армян әліпбиінің негізін қалаушы Месроп Маштоц атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, армян диаспорасының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Астанада Месроп…

    Жалғасын оқу
  • «GSM» компаниясының Бас директорымен кездесу өтті

    Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов пен «VinGroup» вьетнам холдингінің құрамына кіретін «GSM» компаниясының Бас директоры Нгуен Ван Тань мырзаның арасында кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. 1993 жылы құрылған VinGroup компаниялар тобы Вьетнамның ең ірі әрі беделді жеке конгломераттарының бірі болып саналады. Холдинг қаржы технологиялары, цифрлық маркетинг, автомобиль…

    Жалғасын оқу
  • Профилактикалық рейд өтеді

    Ертең елордада профилактикалық рейд өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «2025 жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен, волонтерлермен бірлесіп Астана қаласының тұрғын секторында профилактикалық рейд өткізеді. Профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, датчиктер орнатылады және нұсқаулар жүргізіледі. Жиналу орны: Астана қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 4, № 5 мамандандырылған өрт сөндіру…

    Жалғасын оқу
Back to top button