Құқық

Прокурорлар инвесторларға қатысты 30-дан астам заңсыз шешімнің жолын кесті

Астана қаласының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Негізгі құрал ретінде «прокурорлық сүзгі» болып табылады, оған сәйкес инвесторларға қатысты кез келген шектеу шаралары – тексерулер тағайындау, тыйымдар енгізу, әкімшілік іс жүргізуді қозғау немесе талап-арыздарды бастамалау – міндетті түрде прокурормен келісуге жатады.

Бүгінгі таңда прокуратура инвесторларға қатысты мемлекеттік органдар қабылдаған 20-дан астам заңсыз шешімді келісуден бас тартты, – деп хабарлады қала прокуроры Ғабит Мұқанов.

Сонымен қатар, «прокурорлық сүзгіні» айналып өтіп қабылданған 18 шешім анықталып, күшін жойды.

Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында азаматтық қорғау органы прокуратурамен келісусіз модемдер мен коммутаторлар өндірумен айналысатын инвестордың қызметін негізсіз 2 айға тоқтатқан.

Прокуратураның наразылығы бойынша бұл шешімнің күші жойылып, жоба іске асырылуы қайта жалғастырылды.

Астана қаласының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (747) 216-15-58 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button