Бірнеше пойызда заңбұзушылықтар анықталды
Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері тексеріс кезінде бірнеше пойызда заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері №85/86 «Шымкент-Астана», №11/12 «Шымкент-Алматы» және №3/4 «Алматы-Астана» пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі мен қызмет сапасын тексерді. Мұндай тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі.
Аталған тексеру барысында Ұлттық тасымалдаушының стандарттарына сәйкес келмейтін бірқатар бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталды. №85/86 «Шымкент-Астана» пойызында тексерушілер кейбір вагондарда сапасыз тазалық пен жиналмаған қоқысты атап өтті. Заңбұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге қатаң ескертулер берілді.
№11/12 «Шымкент-Алматы» пойызында жұмсақ алынбалы инвентарьдың бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Жеткізуші кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндеттенеді.
№3/4 «Астана-Алматы» пойызында вагон жолсерігі қосымша ақы үшін тіркелмеген жүк тасымалдау фактісі анықталды. Бұл жолсерікпен еңбек шарты бұзылды.
Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын қатаң қадағалап, жолаушылардың ескертулеріне жедел жауап береді.