Елорда тынысы
Ботаникалық бақта қоларбалар шеруі өтеді
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/08/d43cee33825b874f8ceb6eabe73e68d0_1280x720-780x470.jpeg)
Астанада 24 тамыз күні Ботаникалық бақта отбасылық іс-шара – қоларбалар шеруі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Кішкентай балалары бар отбасылар үшін бұл мереке қуанышқа және саламатты өмір салтына толы ұмытылмас іс-шара болады. Оның бағдарламасында кәсіби нұсқаушылардың стретчинг пен фитнес жаттығулардың сериясы өтеді.
Сонымен қатар, қатысушыларға арнап қызықты сыйлықтарға толы ұтыс ойыны өтеді. Бұл кеш ата-аналар арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндігін ашады.
Іс-шара 17:00-де басталып, 19:00-ге дейін жалғасады.