Астанада ауқымды экологиялық айлық жалғасуда
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы жалғасып жатыр. Оның аясында елордада «Таза аула» ұранымен абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шара өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
18 сәуір күні қала бойынша тазалық акциялары ұйымдастырылып, аумақтарды санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қоқыс шығарылып, саябақтар, скверлер, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ бизнес нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарына іргелес аумақтар ретке келтіріледі.

Экологиялық науқанға қала тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері, МИБ/ПИК өкілдері, шағын және орта бизнес, еріктілер мен студенттер белсенді қатысады.
«Бүгін достарыммен бірге қаланың тазалығын сақтау акциясына қосылдық. Мұндай бастамаларға қатысу – ортақ іске үлес қосу мүмкіндігі.

Қарапайым тазалықтың өзі қаланы көркейтіп, жайлы етеді», – деді акцияға қатысқан студенттердің бірі.
Әкімдік тұрғындарды экологиялық айлықты қолдауға шақырады.

Бастаманың басты мақсаты – тазалықты сақтау мәселесіне назар аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қосып, қаланы таза, жайлы әрі экологиялық қолайлы ортаға айналдыра алады.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan



