Білім

Оқушылар эко-жобалар ұсынды

Астанадағы №104 орта мектепте 1-11-сынып оқушыларын қамтыған «Қалдықтан құндылыққа» атты көрме өтті. Ауқымды іс-шара шығармашылық идеяларды ұсынатын алаңға айналып, қатысушылар экология тақырыбына деген көзқарасын қиялы мен тың тәсілдері арқылы жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық ойлауын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.

Мектеп директоры Нұртаc Жағабаевтың сөзінше, бұл тек көрме ғана емес, экология тақырыбына арналған ашық сабақ форматында ұйымдастырылған іс-шара болды. Көрмеде жас авторлардың 100-ге жуық жұмысы ұсынылып, әр оқушы өз туындысын қорғады.

Қатысушылар да өз еңбектерімен бөлісті. Мәселен, 5-сынып оқушысы Нұрдәулет Қоялы анасының көмегімен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде орналасқан тайқазан мен домбыраның макетін жасаған. Оны әзірлеу үшін пластик, картон, қағаз және желім пайдаланылған.

Көрменің қорытындысында үздік жұмыстар «Ең креативті жұмыс», «Ең пайдалы өнім», «Үздік дизайн» және «Эко-идея шебері» номинациялары бойынша марапатталды.

«Қалдықтан құндылыққа» көрмесі қалдықтардан да пайдалы әрі құнды заттар жасауға болатынын көрсетіп қана қоймай, оқушылардың табиғатқа құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button