Ақбұлақ жағалауы тазартылды
Астанада Ақбұлақ өзенін тазартуға арналған экологиялық акция өтті. Алда келе жатқан Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шара ел мен қаладағы негізгі экологиялық ведомстволардың өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Санитарлық тазарту жұмысы үшін негізгі аумақ ретінде Ақбұлақ жағалауы таңдалды.
Акцияны Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ұйымдастырып, үйлестірді. Елордадағы ведомство бастамасын республикалық және өңірлік деңгейдегі әріптестер қолдады: жағалауды тазалау жұмысына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар акцияға коммуналдық қызмет өкілдері, эко-белсенділер және белсенді қала тұрғындары қосылды.



