Қала мен сала

LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында LRT-ның көрсеткіші жайлы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін.

Сол сияқты LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды.

Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button