Құқық

Астанада өндірістегі еңбек қауіпсіздігі күшейтілуде

Астанада қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланд, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесі Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша еңбек қатынастары саласындағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты қадамдар бекітілді.

Қабылданған шешімдер өндірістік жарақаттану мәселесіне кешенді тәсіл қалыптастыруды көздейді. Атап айтқанда, жазатайым оқиғаларды міндетті түрде тіркеу, жедел тексерулер жүргізу үшін ведомствоаралық мобильді топтар құру, сондай-ақ тергеуден жалтарған жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту қарастырылған.

Негізгі бағыттар қатарында өндірістік жарақаттар туралы уәкілетті органдарды хабардар етудің бірыңғай тәртібін енгізу, жұмысшылар үшін ауқымды құқықтық түсіндіру жүргізу, сондай-ақ сот тәжірибесін біріздендіруге арналған нормативтік қаулы жобасын әзірлеу бар.

Аталған шаралар елордада еңбек қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ететін және азаматтардың заңды құқықтарын қорғайтын тиімді жүйе қалыптастыруға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button