Ұлттық құндылықтар мерекесі

Көктемнің шуақты лебі жан дүниені жаңартып, жүрекке жылу мен үміт сыйлай жеткен әз-Наурыз – халқымыздың ең қастерлі де қасиетті мерекелерінің бірі. Бұл – табиғаттың түлеп, Жер-ананың бусанып, тіршіліктің қайта жанданатын, адамзат атаулыға жаңару мен жасампаздықтың рухын әкелетін ерекше кезең.
Ұлы даланың төсінде ғасырлар бойы тойланып келе жатқан бұл мейрам қазақ халқы үшін тек күн мен түннің теңелуі ғана емес, ол – жаңа жылдың бастауы, татулық пен бірліктің, ізгілік пен мейірімнің жарқын көрінісі. Наурыз – өткенге тағзым жасап, болашаққа үмітпен қарайтын ұлы белес. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілегін арнап, өкпе-ренішін ұмытып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен қауышып, береке-бірліктің үлгісін көрсетеді. Ақ дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, наурыз көже әзірленіп, игі тілектер мен ақ баталар айтылады. Бұл – халқымыздың дархан көңілі мен кең пейілінің айқын айғағы.
Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ,
ақын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы,
Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі



