ЖОО-дары арасында сенбіліктер өткізілуде

«ReStart» жобасын іске асыру аясында еліміздің жоғары оқу орындары арасында сенбіліктер өткізілуде. Жоба Қазақстанның 10 өңірін қамтиды және студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды бөлек жинауды дамытуға және насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бүгінгі сенбілікке «Жасыл экономика үшін және G-Global-ды дамыту» коалициясы» ЗТБ, CCİ Kazakhstan
Астана қаласындағы 6 жетекші ЖОО-ның кураторлары мен студенттері, атап айтқанда, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана медицина университеті, Астана халықаралық университеті, «Тұран-Астана» университеті, Есіл университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шықты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің амбассадоры, Қазақстандағы БҰҰ 4 ТДМ көшбасшысы, жасыл стартаптар мен экохакатондардың тәлімгері, экологиялық іс-шараларды ұйымдастырушы Мәриям Қасымова сенбіліктің мақсаты, қалдықтарды бөлек жинаудың маңызы және «ReStart» жобасының студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы қысқаша айтып берді.
Қосшы қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің басшысы Асқар Балтабайұлы, «Жасыл экономика үшін» G-Global Коалициясының Басқарма төрайымы – «ReStart» жобасының жетекшісі Әлия Рахимбекова жобаның міндеттері, ЖОО арасындағы жарыс форматы және әрбір жиналған килограмм пластиктің маңызы туралы айтты. Сонымен қатар М. Қасымова қатысушыларға қысқаша практикалық тренинг өткізді.
Тренинг аясында Zero Waste қағидаттары, «ReStart» жобасы аясында пластикті дайындау және сұрыптау ережелері, бөлек жинаудың типтік қателіктері және оларды болдырмау жолдары, сенбілік кезіндегі экологиялық мінез-құлық бойынша ұсыныстар айтылды.

Соңында жиналған пластик өлшеніп, сенбіліктің алдын ала нәтижелері және «ReStart» жобасы аясында ЖОО-ның жалпы жарысына қатысушылардың үлесі баяндалды.
Биыл республикалық жастар жобасының 10-маусымы іске асырылуда, қазір ол «ReStart» деп аталады – бұл Қазақстандағы пластикті бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамыту бойынша ең ірі экоплатформа.
Жалпы 28 сәуірден бастап өткен сенбіліктерге – 10 өңір, бұл еліміздің 23 ЖОО, жалпы саны 600-ден астам адам қатысты. Осы кезеңде 4 500 кг пластик жиналып, жинаушыларға қайта өңдеуге тапсырылды. Бұл санға 5 мамырда өткен сенбіліктен жиналатын пластик те қосылды.



