Елорда тынысы

Астанада STEAM бойынша республикалық семинар өтті

Астана қаласындағы «№109 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында «Заманауи зертханалық жиынтықтар мен STEAM ықпалдастығы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Семинарға Абай облысы, Ақтөбе қаласы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды қаласы және Шығыс Қазақстан облысынан білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара бастауыш білім беру мазмұнын жаңғыртуға, тәжірибеге негізделген оқыту мәдениетін дамытуға және заманауи зертханалық құралдарды оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу мәселелерін талқылауға бағытталды. Бұл өз кезегінде білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби диалогын кеңейтуге және әдістемелік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Семинар бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды. Алдымен инновациялық жобалар көрмесі мен тақырыптық алаңдар жұмыс істеді. Онда ұлттық өнер мен технологияның сабақтастығы, робототехника элементтері, зертханалық тәжірибелер және STEAM бағытындағы мүмкіндіктер таныстырылды. Семинар аясында практикалық бөлімде ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыста инновациялық оқыту тәсілдері мен оқу-тәжірибелік ортаның артықшылықтары талқыланды. Ал теориялық және практикалық бөлімдерде заманауи зертханалық жұмыстардың ғылыми-әдістемелік қыры, цифрлық құралдарды қолдану мүмкіндіктері, жаратылыстану бағытындағы ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары ұсынылды.


Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, білім беру саласындағы алдағы даму бағыттарын айқындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинарлар бастауыш білім беруде теория мен тәжірибенің сабақтастығын нығайтып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button