Әлеумет

«Кітап арқылы білім мен руханиятты дамыту» іс-шарасы өтті

Елімізде  23 сәуір – кітап оқуды насихаттауға арналған маңызды күн.  Аталған мерекеге орай, 22 сәуір күні Астана қаласының барлық колледждерінде «Кітап арқылы білім мен руханиятты дамыту» атты мазмұнды мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

 Жоғары көлік және коммуникация колледжінде   кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ олардың рухани және зияткерлік дамуына ықпал ету мақсатында сондай мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Кітап — білім бұлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жаңа ғылыми, техникалық және көркем әдебиеттер таныстырылады. Көрмеде қатысушылар кітап қорымен танысып, жаңа әдебиеттер туралы ақпарат алды.

Екінші бөлімде «Білім — өмір шырағы» атты интеллектуалдық сайыс өтеді. Сайыс барысында студенттер бірнеше кезең бойынша білімдерін сынап, блиц-сұрақтарға жауап береді, мақал-мәтелдер сайысына қатысады, сүйікті кітаптары туралы бейнежазбалар ұсынады және әдеби викторинада бақ сынайды.

Іс-шара соңында қатысушылардың білімін бағалаған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі өткізілді.

Аталған іс-шара кітап оқуды насихаттаумен қатар, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды алаң болды.

Іс-шараға Колледж ұжымы, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Астана филиалының мамандары, колледж кітапханашылары, кураторлар, студенттік парламент мүшелері және барлық мамандық бойынша студенттер қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button