Еліміздің үздік кітапханашылары марапатталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында кітапхана мамандарының еңбегін бағалау, кітап оқуды насихаттау және мамандық мәртебесін арттыру мәселелеріне басымдық берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Салтанатты рәсім барысында білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және оқу мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды. Министрліктің бұйрығына сәйкес 2 қызметкер «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды, тағы 28 маман Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғысына ие болды.
Іс-шара аясында жас оқырмандардың, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеш барысында музыкалық нөмірлер, Абай Құнанбайұлының шығармалары және қазақ өнерінің алтын қорына енген туындылар орындалды.



