Ел тынысыСаясат

Референдумды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері бойынша онлайн оқыту семинары өтті

Орталық референдум комиссиясы Электоралдық оқыту орталығының базасында аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері бойынша республикалық онлайн оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Семинарды Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов ашып, электоралдық процеске қатысушыларды жүйелі оқытудың маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде жариялылық қағидатын іске асыру референдумның ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі кепілдердің бірі екенін, комиссиялар қызметінің ашықтығын, рәсімдердің объективтілігін қамтамасыз ететінін және азаматтардың электоралдық институттар мен демократиялық үдерістерге деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін айтты.

ОРК мүшесі Ләззат Сүйіндік үгіт жүргізу, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу, референдум учаскелерінде дауыс беру күні байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің жұмыс тәртібі және басқа да мәселелер туралы баяндады.

Электоралдық процестерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Түсіп Рыспеков қатысушыларға конституциялық заң талаптарын ескере отырып, науқанның негізгі кезеңдері бойынша түсіндірме берді. Атап айтқанда, референдумды тағайындау, күнтізбелік мерзімдерді қалыптастыру, комиссиялардың өкілеттіктері, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізімдерге енгізу тәртібі, сондай-ақ дауыс беру күніне дайындық мәселелері қамтылды.

Спикерлердің сөздерінен кейін семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Іс-шараға 500-ден аса адам қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button