Қоғам

«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда

Қазақстанда «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өткен сәрсенбі күні Астана қаласында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъекттеріне практикалық көмек көрсетуге бағытталған кезекті акциялық іс-шара өтті.

Іс-шара аясында елорда тұрғындары БЖЗҚ мамандарына, кәсіби бухгалтерлерге және бейінді басқармалардың өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, жан-жақты кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Қатысушылар тарапынан салық заңнамасындағы өзгерістер, құжаттарды дұрыс рәсімдеу және бизнестің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.

Аталған акция аясында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық қолдау көрсетіледі.

Акцияны өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.

Консультациялар өткізу кестесі:

▪️ 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;

▪️ 2026 жылғы наурыз айынан бастап — аптасына 2 рет.

Консультацияларды кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жүргізеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button