Қала мен сала

Коммуналдық қызметтер Астанада қар тазалауды күшейтті

Астанада ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz..

Таңертең тазалауға 3000-ға жуық жол жұмысшысы және 1400-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан қар полигондарына 1 376 655 текше метрден астам қар 105 413 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелер техникалық тұзбен себіледі. Қыс мезгілінің басынан бері 4 000 тоннаға жуық көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада жылдың соңғы күндерінде мынандай ауа райы болжанып отыр:

31 желтоқсан — көшпелі бұлт, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар), боран, тұман және көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жел 9-14 м/с, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с дейін. Түнде ауа температурасы-4-6°С, күндіз -1 + 1°С.

1 қаңтар — көшпелі бұлт, түнде қар, боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде-10-12°С, күндіз-7-9°С.

2 қаңтар — күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел 5-10 м/с, ауа температурасы түнде-14-16°С, күндіз-4-6°С.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button