Қала мен сала

Заманауи спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді

Астанада «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылған кезекті аула салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Абаттандырылған аула Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 60 мекенжайында орналасқан. Жоба аясында ауладағы шағын сәулет нысандары жаңартылып, заманауи ойын және спорт алаңдары орнатылды. Сондай-ақ 340 шаршы метр аумаққа жасанды көгал төселіп, шамамен 550 шаршы метр тартан жабындысы салынды.

Тұрғындардың белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік жасау мақсатында жаттығу және воркаут алаңдары жабдықталды. Демалыс аймақтарына орындықтар қойылды. Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатына тұрғындар, аудан әкімдігінің өкілдері мен мердігер ұйым қызметкерлері қатысты. Іс-шараға жүзге жуық адам жиналды.

Тұрғындардың бірі жаңа аула үшін ризашылығын білдіріп, мұндай бастамалардың қала тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті.

«Ауламыздың осындай заманауи әрі жайлы болғанына өте қуаныштымыз. Бұл балаларымыздың қауіпсіз ойнап, ересектердің спортпен айналысуына жақсы мүмкіндік. Осы жұмыстарды ұйымдастырған әкімдікке алғыс айтамыз. Енді тұрғындар да ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарап, тазалық пен тәртіпті сақтауы керек. Сонда ғана мұндай игіліктің пайдасын ұзақ уақыт көреміз», – деді тұрғын.

Жоба тұрғындардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылып, аула кеңістігін қауіпсіз әрі қолайлы етуге бағытталды. Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар қаладағы қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттырып, тұрғындардың өмір сүру жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button