Қала мен сала

Байқоңыр ауданында жаңартылған аула салтанатты түрде ашылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордалық Байқоңыр ауданында тағы бір абаттандырылған аула тұрғындардың игілігіне берілді. Республика даңғылы, 2/2 мекенжайында орналасқан аула аумағы толық жаңартылып, салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ауланы абаттандыру барысында балаларға арналған ойын алаңдары орнатылып, спортпен шұғылдануға арналған аймақтар жабдықталды. Сонымен қатар тұрғындардың жайлы демалысы үшін орындықтар қойылып, аумақты көркейту жұмыстары жүргізілді.

Мерекелік іс-шара барысында балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, түрлі байқаулар мен қызықты ойындар өткізілді. Кішкентай тұрғындар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекеге белсенді қатысып, жаңа алаңның игілігін көрді.

Аула аумақтарын жаңғырту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары Байқоңыр ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бастамалар елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына бағытталған.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Байқоңыр ауданында барлығы 70 аула аумағы абаттандырылады. Оның 20-сы кешенді абаттандырылса, 50-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған дейін кешенді абаттандырылған аулалардың 6-ы толығымен абаттандырылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button