«Заң және тәртіп»: студенттердің құқықтық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы арттырылуда

«Заң және тәртіп« қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында Астана қаласы Экономикалық тергеу департаменті «AMANAT« партиясы жанындағы «Жастар рухы« жастар қанатымен бірлесіп ЖОО және колледждердің еріктілерімен, студенттерімен ақпараттық—түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған іс — шарада спикер болып Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов сөз сөйледі.
Негізгі міндет — қатысушылардың «Қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік – қаржылық әл-ауқаттың негізі» екеніне сенімін қалыптастырып, қазіргі экономикалық жағдайдағы қаржылық тәуекелдер туралы жалпы түсінікті, интернет желісіндегі қауіпті түсіндіру.

Кездесу барысында спикер қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік негіздерін, «дроперлер« мен лудомандар кім екенін, сондай-ақ азаматтарды құқыққа қайшы схемаларға тарту тетіктері және өздерін осындай тәуекелдерден қалай қорғау керектігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ кездесу барысында спикер заңды сақтау сәнді және беделді екенін атап өтті. Әділдік әр адамның өзінен басталады. Іс-шара интерактивті түрде өтті. Студенттер сұрақтар қойды, пікір білдірді, не байқағанын айтты және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық кеңестер алды. Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қаржылық қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.



