Қоғам

Достық үйінде ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Елордадағы Достық үйінде Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясының ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мерекелік іс-шарада елдегі рухани және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға, этносаралық келісімді сақтап, нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан ҚХА ардагерлері ерекше құрметке ие болды.
Бүгінде елордалық ассамблеяда жүзден астам ардагер бар. Іс-шара барысында олардың еңбегіне алғыс айтылып, жылы лебіздер, құттықтаулар мен ізгі тілектер жолданды.

Ұлттар достығын нығайтуға, рухани келісімді дамытуға және қоғамдық белсенді жұмысы үшін ардагерлерге алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар берілді.

Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасты. Онда Достық үйінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Іс-шараның тағы бір маңызды бөлігі – «Біз жастарға үлгі» атты фотокөрме болды. Көрме қаладағы ҚХА ардагерлеріне арналды. Онда олардың өмір жолы, ұстаздық өнегесі мен атқарған еңбегі суреттер арқылы бейнеленді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button