Қоғам

Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы өтті

Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиынға орталық мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ ғылыми және азаматтық сектордың өкілдері қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттар мен қоғамдық кеңестердің рөлі талқыланды. Әсіресе, қоғамдық кеңестердің өңірлер дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға қосар үлесі ерекше назарға алынды.

Астана, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Ұлытау облыстарының қоғамдық кеңестерінің төрағалары баяндама жасап, ұсыныстарын білдірді.

Жиын қорытындысында Қоғамдық кеңестер мүшелері Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысып, бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button