Қоғам

Ассамблея ардагерлеріне арналды

 Халықаралық қарттар күніне орай Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Жиынның басты мақсаты аға буынның еліміздің  рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін айшықтау,  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлестерін атап өту. Елордалық ассамблеяның құрамында өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, белсенді өмір салтын қалыптастырудың жарқын үлгісі болып табылатын 100-ден астам ардагер бар.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова, ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың ассамблея жұмысындағы атқарып отырған қызметінің маңызыдылығына тоқталды.

Жастық жігері мен қайратын, бар ғұмырын келешек, тәуелсіз ұрпақ үшін арнаған қартатрға арнап этномәдени оратлықтардың өнерпаздары ән-биі арнады.

Сондай-ақ іс-шара  барысында «Біз жастарға үлгі» атты фотокөрмесінің   салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Көрме экспозициясында көпшілік назарына  ҚХА ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін бірегей фотоматериалдар ұсынылған. Ал ұрпағына ұлағатты сөз айтып, ақыл-кеңесін аямайтын  қазыналы қарттарымызға  құрмет көрсетіліп,  алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button