UncategorizedҚоғам

Қазақстандағы ең қарт адам 115 жаста

Елдегі ең қарт адам Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

24kz. 115 жастағы Түймегүл Темірбаева талай тарихи кезеңнің куәгері. Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін мен соғыс салдарын көрген көнекөз. Балалық шағы тынымсыз еңбекпен тоғысқан ол ерте есейді. Кейін жары Аязбай Темірбаев екеуі Сарысу мен Сөрті өзендері бойында жарты ғасыр жылқы баққан. Жүз жасаған кейуана әлі тың. Шаруашылықта мал жайғайды. Ал үйде көрпе тігіп, құрт жаюдан қол үзген емес. Кейуана 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйіп отыр.

— Мал деген оңай емес екен. Жаяу іздеп жүрем. Бие де сауам, оны байлаймын. Қойды да, сиырды да суарамын, — дейді Түймегүл Темірбаева.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button