Ел тынысы
Астаналық жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионы атанды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күнінде Астанадан шыққан спортшы Әділбек Мусин алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй қашықтығында 23.74 нәтижесін көрсетіп, үздік болды. Нәтижесінде елордалық спортшы алтын медальға ие болып, Азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар, 4х100 метрлік аралас эстафетада Әділбек Мусин Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренкомен бірге өнер көрсетіп, қазақстандық команда қола жүлдені қанжығасына байлады.
Үш жарыс күні қорытындысы бойынша қазақстандық жүзушілер барлығы жеті медаль жеңіп алды: бір алтын, төрт күміс және екі қола.