Қоғам

Қыркүйек айында республикалық «Таза ауа» рейдтері өткізілді

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экология департаменттері полиция бөлімшелерімен бірлесе отырып 2025 жылдың қыркүйегінде «Таза ауа» рейдтерін өткізді. Рейдтердің мақсаты – пайдаланылған ластаушы заттардың шығарындылары нормасынан асып түсетін көліктерді анықтау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Нәтижелер:
• 12 рейд жүргізілді;
• 291 көлік тексерілді;
• 45 көліктің белгіленген нормадан асып кеткені анықталып, әкімшілік айыппұлдар салынды.

«Таза ауа» рейдтері елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасына мониторингті күшейтуге, ластану деңгейін төмендетуге, экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен автокөліктерге тұрақты техникалық қызмет көрсету қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Рейдтер 2025 жылдың қазан айында еліміздің 7 облысында жалғасады. Бұл бізге көліктердің көбірек санын қамтуға және мониторингтің географиялық ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі барлық көлік иелерін көліктеріне ұқыпты қарауға және еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға жеке үлес қосуға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button