Қала мен сала

LRT: сынақтық пайдалану басталды

29 қыркүйектен бастап Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтық пайдалануы басталды. Бұл – инфрақұрылымның техникалық дайындығын, қозғалыс қауіпсіздігін және жолаушылар үшін қолайлылығын тексеруге мүмкіндік беретін маңызды кезең.

Елордадағы LRT жүргізушісіз қозғалады. Сынақ барысында мамандар рельстерді, станцияларды, байланыс желілерін, жылжымалы құрамды, қауіпсіздік пен қозғалысты басқару жүйелерін тексереді. Ерекше назар қызметкерлерді дайындауға, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға және LRT басқа көлік түрлерімен интеграциялауға аударылады.

LRT құрамдары GoA4 аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған – бұл толық автоматтандырылған басқару жүйесі: қозғалыс, арақашықтықты сақтау, тоқтау, есіктерді ашу және жабу, деподан шығу және кіру, жуу жұмыстары оператордың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

«GoA4 – рельсті көлікті автоматтандырудың ең жоғары деңгейі, жаңа желілерді салу немесе қолданыстағы желілерді жаңғырту кезінде көптеген қалалар ұмтылатын стандарт. Метро мен LRT жүйелері үшін бұл тиімділікті, қауіпсіздікті және басқа көлік түрлерімен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілікті арттыруды білдіреді. Бүгінде GoA4 Сингапурде, Дубайда және Қытайда енгізілген, дәл осындай заманауи деңгей Астанада да іске асырылады» деп атап өтті «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button