Қоғам

Орталық саябақта жоба аясында отбасылық эстафета өтті

Астананың Орталық саябағында Funny Sport жобасы аясында ерекше шара – Отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қатысушылар командалық тапсырмаларды орындап, бір-бірін қолдап, қуаныштарын өзгелермен бөлісті. Іс-шараға ұтыс ойындары қосымша қызу қарқын берді.

Жобаның мақсаты – отбасыларды белсенді әрі салауатты өмір салтына баулу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ қуаныш сыйлап, спорттық мерекеде достық атмосферасын қалыптастыру.

Отбасылық эстафета спорттың адамдардың басын қосатынын, шабыт беретінін және жас ерекшелігіне қарамастан ерекше көңіл күй сыйлайтынын көрсетті. Қатысушылар бұл шараның уақытты пайдалы өткізуге, жаңа таныстықтар орнатуға және шынайы командалық рухты сезінуге мүмкіндік болғанын атап өтті.

Funny Sport жобасы Астанада 12-21 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Оның аясында қала тұрғындары флорбол, BMX, скейтбординг, отбасылық эстафета, жүгіру, аула ойындары бойынша жарыстарға қатысып, Street Workout және инклюзивті спорт түрлері бойынша мастер-класстарға қатыса алады. Өткен жылы Funny Sport-қа 1500-ден астам адам қатысқан болса, биыл 1000-нан аса қатысушы күтілуде.

Іс-шаралар туралы толық ақпаратты funnysport.asia сайтынан немесе Instagram желісіндегі funnysport.kz парақшасынан алуға болады.

Байланыс телефоны: +7 700 543 8585.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button