Мәдениет

Қаламгерлер қатысты

Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы бірігіп, елордалық қаламгерлер арасында Qalam Quiz өткізді.

Жобаның негізгі мақсаты – елордалық әдебиетшілердің басын қосу, қаламгерлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, пікір алмасуға, зияткерлік өріс пен әдеби таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасау.

Интеллектуалдық жарыс «Эпиграф», «Әлем», «Думан», «Желі», «Кульминация», «Эпилог» сынды алты бағыт бойынша өтіп, әр бағытта 6-7 әдеби-логикалық сұрақтар қойылып, қатысушылардың терең білімі мен тапқырлығы сынға түсті. Ойынға «40+», «Құрдастар», «Самғау», «Алқа», «Күлтегін», «Тіл-қазына», «Қоңыр» және «451 градус»  сынды 8 команда қатысып, нәтижесінде бірінші орынды «451 градус», екінші орынды «Құрдастар», үшінші орынды «Қоңыр» тобы иеленді.

Сондай-ақ жеңімпаздардың бәрінен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал  әдебиетті қолдап, демеушілік көрсеткен – «Қасым» баспасы.

Айта кетейік, қатысушылардың белсенділігі мен ықыласына қарай Qalam Quiz ойыны алдағы уақытта тұрақты түрде, әр апта сайын өткізілетін болады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button