Қоғам

12 қыркүйек — қазақ киносы күні

Қазақ киносы – халқымыздың рухани айнасы, ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытатын мәдениетіміздің биік шыңы. Жыл сайын 12 қыркүйек — қазақ киносының күні атап өтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

1938 жылы алғашқы толықметражды «Амангелді» фильмінен бастау алған ұлттық кинематография бүгінде әлемдік аренада өз орнын тауып отыр.

Ардагерлердің мұрасы – өшпес қазына, ал жаңа буын режиссерлер мен актерлер қазақ киносын жаңа белеске көтеруде. Бүгінде отандық фильмдер халықаралық кинофестивальдерде жүлде алып, Netflix, Amazon сияқты ірі платформалардан көрсетілуде. Бұл – қазіргі қазақ киносының жаңа белесі, ұлттық өнеріміздің әлемге кеңінен танылуының айғағы.

Ұлттық өнеріміз әрдайым шабыт пен мақтаныштың қайнар көзі болсын! ✨

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button