Елорда тынысы

«Заң және Тәртіп» қоғам сұранысы

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы ҚР Бас прокурорының бастамасымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шара «Заң және Тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді жедел шешу және халықпен ашық диалог орнату мақсатын көздеді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар жергілікті атқарушы органдар да қатыс­ты.

Ашық есік күні аясында азаматтар тұрғын үй, еңбек, әлеуметтік және қылмыстық құқық салаларына қатысты сұрақтар қойып, білікті кеңес алды. Шараның ашық әрі тиімді форматта өтуіне жергілікті билік те атсалысты.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев бұл бастаманың халыққа қажетті әрі пайдалы екенін атап өтті.

«Бұл – құқықтық органдардың ұйымдастыруымен жасалып жатқан шара. Оның ішінде Сарыарқа ауданы әкімдігі, ҚР Бас прокурорының бастамасымен халыққа кеңес беру, мәселелеріне қатысты сұрақтарын қою үшін Ашық есік күні ұйымдас­тырылып отыр» деді аудан әкімі.

Іс-шара барысында ең көп қойылған сұрақтардың бірі – жақында жарияланған рақымшылыққа қатыс­ты болды.

Сарыарқа ауданы прокуратурасы тергеу бөлімінің бастығы ­Айдар Советов бұл жайлы нақты түсіндірме берді.

«Қазіргі таңда көбінесе келетін сұрақтардың бірі – қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша және әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға қандай шаралар қолданылып, қандай жеңілдіктер қарастырылатыны туралы. Нақты айтқанда, осы айдың 23-і күні шығарылған амнистияның қалай қолданылатыны көпшілікті қызықтырады. Бұл мәселелер бойынша арыздар қабылданып, пробациялық қызметпен бірлесіп талқылануда» деді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button