Ел тынысы
Астанада Студенттік омбудсмен мектебі жобасы жүзеге асырылды

Биыл Астанада Студенттік омбудсмен мектебі жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Тоқтар Болысов атап өткендей, 2024-2025 оқу жылында студенттік омбудсмендерге 6079 өтініш түскен.
«Омбудсмендер институтының мақсаты – студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдегі жоғары оқу орындарында қауіпсіз әрі әділетті білім беру ортасын қалыптастыру. Жыл ішінде 100-ден астам жоспарлы іс-шара мен 20-дан астам жоспардан тыс мониторинг жүргізілді. Омбудсмендер студенттердің өтініштеріне жедел әрекет етіп, туындаған мәселелерді уақытылы шешуге және қиын жағдайдағы студенттерге қолдау көрсетуге мүмкіндік берді», – деді ол.
Сонымен қатар «Студенттік омбудсмендер мектебі» аясында құқық, коммуникация, қақтығыстарды шешу бойынша тренингтер өткізіліп, белсенді студенттерді даярлау қолға алынды.