Ел тынысы

Жас боксшылар жеңісі

Қазақстан боксшылары жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында 41 алтын медаль алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Жақында ғана Шри-Ланка елінің Коломбо қаласында өткен құрлық біріншілігінде топ жарған спортшылардың қатарында Астана қаласының да жас боксшылары сәтті өнер көрсете білді. Атап айтқанда, U-22 санаты бойынша өткен чемпионатта Бақберген Алиасқаров (80 келі) пен Ибрагим Бетаев (86 келі) барлық қарсыласынан басым түсіп, «Азия чемпионы» атағын жеңіп алды. Ал жастар арасындағы жарыста Ақбота Есембекова (66 келі) топ жарып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ Иордания астанасы – Амманда өткен кадеттер арасындағы Азия чем­пионатында да астаналық жасөспірім боксшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Досжан Жұмақан мен Санжар Матасов алтын медаль иеленді. Құрлық чемпионатында жеңіске жеткен жас спортшыларды Астана қалалық бокс федерациясының президенті Алмат Маратұлы Досымов арнайы құттықтап, қаржылай сыйлық ұсынды. Федерация басшысы елордалық боксшылардың Азия чемпионатындағы жеңісі үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтіп, жас спортшылардың алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуі үшін жан-жақты жағдай жасала беретінін айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button