Жаңа саябақ ашылды

0 23

Алматы ауданы Өндіріс елді мекенінде спорт алаңы мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктері үшін жабдықталған ойын алаңы ашылды.

«Саябақта жарықтандыру мен суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар тұрғындар үшін заманауи, жаттығу құрылғылары бар спорт алаңы салынды. Бұған қоса балаларға арналған ойын алаңы да орнатылды» деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.
Жаңа ашылған саябақта аудан тұрғындарының қатысуымен сенбілік өтті. 40 қарағай егілді.
Енді «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында елорданың шет аумағындағы бос жатқан жерлер игерілетін болады. Сол сияқты жарамсыз ескі ғимараттарды бұзу арқылы ел игілігіне, тұрғындардың жайлылығына арналған алаңқайлар, саябақтар біртіндеп ашылады.
Биыл елордада 150 аула мен 50-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =