Қоғам

«Таза Қазақстан»: жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетілді

Елорданың Сарайшық ауданы әкімдігінің құтқарушылары мен қызметкерлері жалғыз тұратын зейнеткердің үйінің ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елордалық еріктілер, құтқарушылар мен қамқор азаматтар жалғызбасты зейнеткерлерге аулаларының қары мен мұзын күреуге көмектесуде.

Осылайша, Сарайшық ауданы әкімдігінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қайырымдылық акциясын өткізді. Құтқарушылар қарт тұрғынның үйінің аумағын және жақын маңдағы арықты қардан тазартты.

«Уақытын бөліп, көмек қолын созған жігіттерге алғысым шексіз! Мұнда менің әжем тұрады, ол 88 жаста, көзі нашар көреді. Науқанға қатысушылардың барлығына игі істері үшін шын жүректен алғыс айтамын!» — деді зейнеткердің немересі.

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы қайырымдылық бастама елорданың барлық ауданында қолдау тауып отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button