Бойың мен ойың сергісін десең…

Ашық аспан астында қала тұрғындары йога жаттығуын жасады. Орталық саябақта бас қосқандар бойы мен ойын сергітіп, салаутты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты. Денсаулықты нығайтуға арналған жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Шараға 40-тан астам адам қамтылып отыр. Салауатты ұлт – ел болашағының кепілі. Мұндағы мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Жаттығу барысында шараға қатысушылар білікті және тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен дене дайындығын жақсартуға бағытталған жаттығулар жасады. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырғанын айта кеткенім жөн болар, — деді Астана қаласы әкімдігінің спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дерекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Ұйымдастырушылардың айтуынша йога сабақтары үш ай бойы жалғаса береді. «Бойың мен ойың сергісін десең йоганың тигізер пайдасы зор» дейді мамандар.




