Білім

Афинадағы робототехника олимпиадасында ел намысын қорғайды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Tech Cup X» оныншы мерейтойлық чемпионаты аясында Алматы қаласының білім басқармасы мен Ustem Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST GLOBAL Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадаға ұлттық іріктеу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
 Аталған байқауда 190-нан астам елдің жас инженерлері өзара бақ сынасты. Кей өңірлерде іріктеу онлайн режимде өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстаннан 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстан мен БАӘ-ден командалар қатысты.  Дүниежүзілік кезеңге қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нуржан Кокеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Тургенбаев бар.

Чемпионатқа робототехника, зымыран, дрон және жасанды интеллект бағыттары бойынша 1500-ден астам қатысушылар мен қонақтар жиналды.  Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл сала бойынша Қазақстан екі дүркін әлем чемпионы болып табылады. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жетті.  First Global Challenge Дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button