Конституция күні қарсаңындағы «Ашық есік күні»
Астана қаласының Әділет департаменті Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп Конституция күні қарсаңында Ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Құқықтық мәселелерді талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қаланың белсенді азаматтары жиналды. Кеңесшілер ретінде Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысының м.а Кұндыз Бекбауова, Астана қаласының адвокаттары, нотариустартары, жеке сот орындаушылары, сарапшылар қатысты.
Елорданың белсенді тұрғындары сарапшылармен бірлесіп, өзекті құқықтық мәселелерді талқылады. Сондай-ақ ұсыныстармен алмасты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби көмек алды.
«Әртүрлі бағыттарда көптеген мәселелер бар. Олар – заңды, нотариат, сот және тағы басқалар. Бүгінгі алаң азаматтарға көмек көрсету үшін берілген. Адамдар кері байланыс, пайдалы ақпарат және көмек алды. Мұндай Ашық есік күндерін мамандарға өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін өткізу аса маңызды», — дейді департаменттің бөлім басшысының міндетін атқарушы Құндыз Бекбауова.
Жергілікті әділет органдары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ІІІ тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 80-нен астам іс-шаралар ұйымдастырыпты.
Акцияға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының өкілдерінен басқа адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары да қатысқан.