Әлеумет

Көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттар табысталды

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Сарыарқа ауданының әкімі елордалық көпбалалы аналарды ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында 10 ана мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде 3 ана – «Алтын алқа», 7 ана – «Күміс алқа» иегері атанды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев көпбалалы аналарды арнайы құттықтап, оларға мемлекеттік төсбелгілерді табыстады. Ол ананың мейірімі мен тәрбиесі әр шаңырақтың берекесін арттырып, қоғамның тұтастығын нығайтатынын атап өтті.

Айта кетейік, «Күміс алқа» алқасымен алты бала дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар, ал «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар марапатталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button