Денсаулық

Астанада 2026 жылдың үздік провизоры анықталды

Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті «Үздік провизор — 2026» өңірлік кәсіби шеберлік байқауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Департамент ұйымдастырған байқау 2026 жылғы 29 мамырда өтті. Оның негізгі мақсаты – фармацевтикалық қызметті дәріптеу, провизор мамандығының беделін арттыру және елорда денсаулық сақтау жүйесіндегі білікті кадрларды қолдау.

Кәсіби сайысқа қаланың фармацевтика саласындағы 11 жетекші маманы қатысты. Байқау бағдарламасы қатысушылардың кәсіби құзыреттерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берген бірнеше кезеңнен тұрды:

Кәсіби тестілеу — заңнама және фармация негіздері бойынша теориялық білімді тексеру.

Портфолионы бағалау — мамандардың жетістіктерін, біліктілігін және тәжірибелік жұмысын саралау.

Үй тапсырмасын қорғау — өңірлік комиссия алдында шығармашылық және тәжірибелік жобаларды таныстыру.

Комиссия мүшелері барлық қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, мамандыққа деген адалдығын және фармацевтикалық көмекті жетілдіруге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша өңірлік комиссияның шешімімен жеңімпаздар болып:

  • I орын — «SALAMAT» компаниялар тобының фармацевті Жұлдыз Аманбекқызы Әлиқұлова;
  • II орын — «МФК Гиппократ» ЖШС фармацевті Динара Мұратбекқызы Абдуллина;
  • III орын — «University Medical Center» корпоративтік қоры стационарлық дәріханасының меңгерушісі Гүлжаз Сапарғалиқызы Ердібекова танылды.

Департамент жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтайды!

Әріптестерімізге Астана қаласы тұрғындарының денсаулығы жолындағы маңызды әрі жауапты қызметтерінде толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button